Азаттық жариялаған «Бүгінгі жастың бейнесі» байқауына оқырмандар жіберген фотосуреттер.
Фото-байқауға келген суреттер (22-23 қараша)
1
Кей кезде шаршағанда достарыммен велосипед тепкенді ұнатамын. Жүктеген Асан Қуанышкереев.
2
Аққу биін билеген аққу қыз. Жүктеген Болат Омарәлиев, Қызылорда.
3
Алақан тоссам қашпайды, Жұлдыздан жеткен жылы қар. Жүктеген Эльвира Ергалина.
4
Менің ағам жануарларға тағам беріп жүр. Жүктеген Асан Қуанышкереев.
5
Алтыбақан айтқан сыр. Қазіргі жастардың арасында ұлттық дәстүрлерімізді, соның ішінде алтыбақан тебу тәрізді ұлттық ойын түрлерін заманға лайықтап ұсынар болсақ, жастардың бұл ұсынысты қолдайтыны сөзсіз. Жүктеген Айгүл Зұлпыхарқызы.
6
Бақ шаба ма, бап шаба ма? ҰБТ-дан көрініс. Жүктеген Болат Омарәлиев, Қызылорда.
7
Асау үйрету. Әлжуаз қала балаларына қарағанда, ауыл жеткіншектері шымыр. Жүген-құрық тимеген асау үйретіп жүрген жиендерім Рафхат пен Фархат. Жүктеген Садықжан.
8
Отпан тау төбесінен кең байтақ далаға қарап тамсану.
9
Шабандозы жығылған жүйрік. Жүктеген Болат Омарәлиев, Қызылорда.
10
Жүктеген Талғат Сатыбалды.