"Алаш" партиясы мен "Алашорда" үкіметінің тарихы, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ел тәуелсіздігі жолындағы күресі тарихи фотосуреттер арқылы баяндалатын көлемді альбомда 300-ден аса фото бар. Құрастырушы - журналист Болат Мүрсәлім.
«Алашорда» альбомы

1
Мұхтар Әуезов, қамаудағы кезі.

2
Мұстафа Шоқай жары Мария Яковлевна Шоқаймен бірге. Тифлис, 5 мамыр 1919 жыл.

3
Мұхаметжан Тынышбаев. II думаның Жетісу қазақтарынан сайланған депутаты. Булла ательесі. Санкт-Петербург. Ақпан-маусым 1907 жыл.

4
Алаш қозғалысының қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың соңғы суреті. Мәскеу, 1938 жыл.

5
Әлихан Бөкейханов жиені Ескендірмен. Мәскеу.

6
Германияда оқып жүрген қазақ жастары. 1921 жыл.

7
Міржақып Дулатов әйелі Ғайнижамал және қызы Гүлнәрмен бірге түскен суреті. Орынбор, 13 маусым 1923 жыл.

8
"Қазақ" газетінің тілшілері: Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова, Гүлайым Балғынбаева. Орынбор, 1914 жыл.

9
Жаһанша Досмұхамедов әйелімен бірге Қырымда демалған кезі.

10
Мұхамеджан Тынышбаев бірінші әйелі Гүлбаһраммен бірге.

11
Мұхамеджан Тынышбаев ұлы Ескендірмен бірге.

12
Алашорданың көрнекті қайраткері Биахмет Сәрсенов.

13
Қоғам қайраткері, Абайдың немере інісі Кәкітайдың ұлы Даниял Ысқақов.