Азаттық тілшісінің Ақтау мен Жаңаөзендегі ахуалды бейнелейтін жаңа фотосуреттерін көріңіздер.
Маңғыстаудан жеткен жаңа суреттер

1
Ақтаудың орталық алаңында жаңаөзендіктерге қолдау көрсетіп митингіге шыққандардың бірі, Ғалым есімді жұмысынан шығарылған мұнайшы. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл

2
Айғожа Қалманов, 16 желтоқсан күнгі Жаңаөзенде болған қанды оқиға кезінде жараланған жергілікті наубайхананың күзетшісі. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл

3
Нұрлан Мұқанов, Маңғыстау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл

4
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов орталық алаңда полиция қызметкерімен сөйлесуге тырысып тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл

5
"Азат" партиясының тең төрағасы Болат Әбілов жергілікті тұрғындармен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл

6
Қыс мезгіліне лайық жарақтанған ішкі істер әскері "Қазақтелеком" ғимаратына қарай беттеді. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл

7
Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының ауласында тұрған БТР. 21 желтоқсан 2011 жыл

8
Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының ауласында тұрған су атқыш машина. 21 желтоқсан 2011 жыл

9
Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы қанды оқиға кезінде "жергілікті тұрғындардан тәркіледік" деп көрсеткен қару-жарақ. Жаңаөзен, 21 желтоқсан 2011 жыл

10
Аманжол Қабулов, Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай аяқталғанша комендант қызметін атқарушы. Жаңаөзен, 21 желтоқсан 2011 жыл

11
Жаңаөзен базарындағы жеміс-көкөніс сататын қатар. 21 желтоқсан 2011 жыл

12
Жаңаөзен қаласындағы базардан көрініс. 21 желтоқсан 2011 жыл