Accessibility links

Ақтауда адамдар алаңға қайта жиналды


Ақтауда жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдірген адамдар алаңға жиналды. Ақтау,18 желтоқсан 2011 жыл.
Ақтауда жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдірген адамдар алаңға жиналды. Ақтау,18 желтоқсан 2011 жыл.
Бүгін Ақтаудың орталық «Ынтымақ» алаңында биліктің Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысты әрекеттеріне наразы 100 шақты адам қайтадан жиналды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Олар Жаңаөзендегі бұрынғы мұнайшылар мен олардың отбасыларына қолдау білдіріп тұр. Наразы адамдарды 100-ге тарта қарулы полицей қадағалап тұр.

Азаттық тілшісі сондай-ақ бүгін Ақтауға Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларды тергеу бойынша құрылған тәуелсіз қоғамдық комиссия өкілдері келгенін де айтты.

Комиссия құрамында «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов, Болат Әбілов, тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов, «Guljan.org» сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мен «Руханият» партиясының мүшесі Мұхтар Тайжан бар.

Азаттық тілшісінің айтуына қарағанда, комиссия өкілдері мұнайшылармен кездесіп, сосын жергілікті билікпен келіссөздер жүргізу үшін облыстық әкімшілікке кеткен. Басында полиция олардың жолын бөгегенімен, артынан оларға кіруге рұқсат берілген.

18 желтоқсаннан бері Жаңаөзендегі мұнайшыларды қолдап, биліктің әрекетін айыптаған адамдар Ақтауда күн сайын жиналып келеді.
XS
SM
MD
LG