Accessibility links

Коммунист Ахметбеков президенттікке кандидат ретінде тіркелді


Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан коммунистік халық партиясының орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбековты президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Бұл туралы сайлау комиссиясының сенбі күнгі шешіміне сілтеме жасай отырып, "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады. Ахметбековтың кандидатурасын 96 мың 557 адам қолдап, қол қойған.

Сәуірдің 3-де өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды тіркеу 2-ші наурызда аяқталады. Бұған дейін сайлау комиссиясы қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ресми түрде президенттікке кандидат ретінде тіркеген болатын.
XS
SM
MD
LG