Accessibility links

Жұмыссыз Тоқбаева мен Қарамаева президент сайлауына түсуге ниет білдірді


Қазақстанның орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер болуға өзін өзі ұсынған тағы екі азаматтан өтініш түскен.

Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, жаңа кандидаттар 53 жастағы Майя Қарамаева мен 57 жастағы Гүлдана Тоқбаева. Екі үміткер де уақытша жұмыс істемейді.

Сәуірдің 3-дегі кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-на дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG