Accessibility links

Жақсыбай Бәзілбаев үшінші рет президент сайлауына түспекші


Жақсыбай Бәзілбаев кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсынатынын мәлімдеді. Алматы, 16 ақпан 2011 жыл.
Жақсыбай Бәзілбаев кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсынатынын мәлімдеді. Алматы, 16 ақпан 2011 жыл.
Кезектен тыс президент сайлауына өзінің түсетіні жөнінде бүгін Алматыда журналистерге Жақсыбай Бәзілбаев мәлімдеді. Бұл туралы оның баспасөз жиынынан Азаттық тілшісі хабарлады.

58 жастағы Жақсыбай Бәзілбаев бұған дейін екі рет – 1998 және 2005 жылдары өткен Қазақстан президенті сайлауларына өзін өзі ұсынғанымен, екеуінде де саяси бәсекенің соңғы кезеңіне дейін жетпей, өз еркімен шығып кеткен болатын.

1998 жылғы сайлауда Бәзілбаев бәсекелесі Нұрсұлтан Назарбаевтың пайдасына сайлаудан шығатынын мәлімдеген еді.

Сол сияқты, 2005 жылғы президент сайлауына да үміткер ретінде өзін өзі ұсынып, бірақ кейіннен сайлауға қатысудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG