Accessibility links

Байғұс Майк немесе «Дантист» болдым мінекей


Қазақ блогері Гастарбайтер. Алматы, 2010 жыл.
Қазақ блогері Гастарбайтер. Алматы, 2010 жыл.
Индия мен Қытайдың көшелерінде ауылдың базарындағы етікшілер сияқты тізіліп далада отырып егеу, отвертка, қысқашпен қаруланған дантисттер ешбір укол, анестезиясыз арзан және тез тіс емдеумен айналысады екен.

Жоғарыдағы суретте сондай тісшілердің (дәрігер деуге аузым бармайды) бірі кезекті клиентін қарап жатыр. «Ужыснақ» дерсіңдер. Бірақ мен міне үш күн болды аудармашылық қызметімнен басқа, жұмыста өз еркіммен осымен үшінші күн «дантист» болып жүрмін.

Бастамасы былай болды. Коллегамның жұмысқа түскен күні тісі ауыра бастады. Тіс ауруы, өздерің білесіңдер, ең жаман аурулардың бірі. Солқылдағанда жанын қоярға жер таппады бейшара. Вахтаға барлық тетік-тесіктеріңді емдеп шықпасаң, 28-күн бітем дегенше зайыбың шығатынын кім-кім, мен жақсы білетін едім.

Жергілікті доғдырларға бардық. «Тісте металлокерамика коронка бар, соның тамырының каналдарын дұрыс тазаламаған. Оны қайта тазалау үшін, оны біз ортасынан бөліп алып тастауымыз керек» дейді. «Немесе ауылыңа қайтқанша, антибиотикпен «местный» анестетикті араластырып укол салудың 7 күндік курсын өткізу керек, бірақ ол үшін сіз күнде клиникаға келіп тұруыңыз керек» деді.

Майктың ауылы Жердің басқа жарты шарында екенін ескертіп, оған жеткенше әлі бір ай уақыт барын айтып, жұмыс орнымыз клиникадан 200-150 км екенін ескерткенімде, стоматолог маған «тіске укол салуды үйретем» дейді, «оп-оңай, міне» деп қалай салатынын көрсетті. Бақсам, шынымен де оңай екен.

К..ке былайынша да сала береміз ғой, тіске салып көрмеппін. Бірақ ауыз менікі емес ғой, келісе салдым. Иек пен ұрттың арасындағы бұрышқа инені тығып кеп жіберіп, лидокаин мен линкомициннің қосындысы асықпай сығып, егеді екем.

Антибиотик курсы біткенше сол процедура менің аудармашылық міндеттеріме қосылды.

P.S. Енді Майк емделу курсы біткенше мені дұрыстап боқтай алмай, еркелігімнің бәрін көтеріп, мүсәпір боп жүр. «Типі байқамай қалғандай инесін қаттырақ тығып жібермесін» деп.
XS
SM
MD
LG