Accessibility links

Эстониялық Санта Клаус пен Ресейлік Аяз Ата шекарада кездесті


Ғайса пайғамбардың туған күні - Рождество мейрамын тойлау рәсімі аясында эстониялық Санта Клаус пен ресейлік Аяз Ата өткен апта соңында шекарада кездесті. Кездесу екі мемлекетті бөліп тұрған Нарва өзеніндегі көпірде болған.

Санта Клаус пен Аяз Атаның кездесуі жаңа дипломатиялық дәстүрдің негізін қалап отыр. Санта Клаус киімін киген эстониялық азамат көпір үстіндегі шекара сызығында орыс шекарашысының қолын алып, бұдан кейін өзінікіне ұқсас киім киген ресейлік Аяз Атаға қарай бұрылып, өз сәлемін жеткізді.

Санта Клаус пен Аяз Атаның киім киген әртістер бір-бірін бауырым деп атап, көріспегендеріне бір жыл болғанын еске алды. Өз кезегінде ресейлік Аяз Ата Батыстан келген ағайынын құшақ жая қарсы алды.

"Ресейде Жаңа Жылды қарай қарсы алсаң бүтін жыл солай өтеді делінеді. Осы кездесуіміз көптеген жылдарға игі дәстүр боп қалса, біздің отбасыларымызға бейбітшілік пен береке, құт пен бақыт алып келсін," - деді ресейлік Аяз Ата.

Санта Клаус пен Аяз Атаның кездесуі 1997 жылы бастау алған "Шекарасыз Рождество" жобасы аясында жүзеге асырылып келеді. Бұл жобаға екі елдің кеденшілері бастау салған болған. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы негізгі мақсат болса, көрші екі ел арасындағы шекарадан өту шараларын жылдам, әрі оңай ету, ынтымақтастықты нығайту деп аталып отыр.

Эстониялық Халықаралық Жол Тасымалы Бірлестігінің төрағасы Тойво Кулдкепп өз ұйымының алғаш рет Санта Клаус пен Аяз Атаның кездесуі рәсіміне ат салысып отырғанын айта келе, мұндай шара шекара бөлінісінің екі жағындағы жергілікті әкімшіліктердің өзара байланыстарды нығайтуына оң ықпал ететініне сенетінін айтады.

"Бастама ресейлік кеденшілердікі, біз бұған бірінші рет ат салысып отырмыз. Менімше бұл тамаша шара, игі ниеттің белгісі іспетті. Санта Клаус пен Аяз Ата мұндай игі ниеттің елшілері бола алады. Өз тарабымыздан орыс шекарашылары және кеденшілерімен арада ешқандай текетіресті қаламайтынымызды көрсеткіміз келеді, Ресей жағы да соны көксейтін болса керек. Бәріміздің де қалайтынымыз шекарадан өтуді ыңғайлы, әрі шапшаң ету,"- деді Эстониялық Халықаралық Жол Тасымалы Бірлестігінің төрағасы Тойво Кулдкепп.
XS
SM
MD
LG