Осы тақырыпқа басты назарын аударған «Егемен Қазақстан» газеті «Сыртқы саясат стратегиясы сараланды» деген атпен көлемді мақала жариялапты. Мақала авторы Сұңғат Әліпбайдың жазуынша, Н.Назарбаев дипломатиялық корпус алдында ел экономикасын қарқынды дамытуда талап етіліп отырған жаңа міндеттерді атаған.
Дипломатиялық корпус, Қазақстанда жүзеге аса бастаған индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру, Қазақстандық жеке меншік капиталдардың шетелдегі инвестициялық қызметіне қолдау көрсету, ақша тасқындары мен инвестициялар, қаржы рыноктарын басқарудың әлемдік ағымына Қазақстанның да қосылуын қамтамасыз ету, бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру секілді міндеттерді атқаруға ат салысуы керек болып отыр деген Н.Назарбаев.
Сондай-ақ мақалада айтылғанындай президент Н.Назарбаев қазақстан дипломаттары алдында қәзір әлем саясаткерлері арасында үлкен дау дамай туғызып отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі оның болашағы туралы да өз пікірін білдіре кетуді жөн санапты. Н.Назарбаев әлемдік сыртқы саясат жүйесіндегі өткір проблемаларды шешу ісінде БҰҰ-ның рөлі ерекше екендігін айта отырып оны сақтап қалу қажет деген ой тастаған. Сондай-ақ ол Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру тиімді деген пікір білдірді деп жазады "Егемен Қазақстан" сәрсенбілік санында.
Осы тақырыпқа тоқталған «Айқын» газеті де сәрсенбілік санында «Сыртқы саясат елдің ұлттық мүддесін қорғаудан басталады» деген мақала жариялапты. Мақала авторы Берік Бейсенұлы дипломатиялық корпус алдында президент Н.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатындағы қәзіргі бағыт бағдары туралы нақтылап турып айтып берді деп жазады.
Н.Назарбаев Қазақстан үшін ең басты мемлекеттер ретінде Ресейді, Қытайды, АҚШ-ты атады, сондай-ақ бүгінгі күні Қазақстаның сыртқы саудасында тауар айналымы 32 процентті көрсетіп отырған Еуроодақпен да байланысымызды дамытуға мүдделіміз деген.
«Экспресс-К» және «Аргументы и факты» басылымдары сәрсенбілік сандарында Қазақстандағы әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған жасөспірім балалар мәселесіне арнап мақалалар жариялапты. Осы тақырыпқа орай «Экспресс-К» газетінің тілшісі Нұржан Баймулдин Ақмола облысының Шучинск ауданында орын алған бір оқиға жайында жазыпты.
Аудандық білім басқармасы әке-шешесіз қалған 30 жетім баланы бір ай уақытымен өз қарамағына алып, бағып-қағуды сұрап, балалар үйіне жібереді. Ең қызығы, осы балалар үйінің тәрбиешілері мемлекеттен айлық жалақы алып отырғандарына қарамастан, осы жетім балалардың киімі, тамағына деп үкімет бюджетінен бөлген ақшадан 300 мың теңгені өздеріне қосымша айлық ретінде аударып бөлісіп алған.
Мақала авторының жазуына қарағанда, балалар үйіне бөлінген ақша әлгі жетім балаларға тимеген. Бір айдай уақыт әке-шешелері болмаса да балалар үйінен соның тәрбиешілерінен жылылық алақанды сезінсін деген байғұс балалар көптеген қиындықтар көріп бұрынғы тұрақтарына әрең оралыпты деп жазады газет тілшісі. "Ең қызығы, облыстық прокуратура бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғап тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізсе де іске кінәлі ешбір адам табылмады" деп жазады газет тілшісі Нұржан Баймулдин.
Ал «Аргументы и Факты» басылымы өзінің Қазақстанға арнаған арнайы парақшасында «Үлкен қаланың кішкентай трагедиясы немесе Бүгінгі күні ұмыт қалған Алматы балаларының болашағы қалай болмақ» деген тақырыппен тілші Виктория Козинаның мақаласын беріпті. Газет тілшісінің айтуынша бүгінгі күні Қазақстанда әлеуметтік тұрғыдан қорғаусыз қалған жас өспірім балаларды қабылдау, бейімдеу, бағытында жұмыс істейтін 18 орталық жұмыс істейді.
Бұл орталықтар жыл сайын тәлбиеленген 1000 баланы қатарға қосып отырады. Ал тек Алматы қаласының бір өзінде осындай балардың саны 2000 ға жетеді ал олардың тең жарымын Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген балалар құраса ал қалған тең жарымын бәрібір өз балаларымыз құрап отыр деп дабыл қағады газет тілшісі.