Accessibility links

Қазақстан президенті судьяларды сайлаудың қажеті жоқ деп санайды


Қазіргі уақытта елде судьяларды сайлау институтын енгізудің қажеті жоқ деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусымның 3 күні Астанада, Қазақстан соттарының ІV съезінде. Демократиялық институттар 25-30 жыл бойы қалыптасады және осы уақыт аралығында елде мықты билік сақталу керек деді Назарбаев.

Республиканың барлық аймақтарынан сот қоғамдастықтарының 200-ге тарта өкілдері қатысқан жиында хабарланғандай, өткен жылы соттарға бір миллионға жуық істер түскен. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Судьялар бұл жақсылық, өйткені, жұртшылықтың соттарға деген сенімі ұлғайып, құқықтарын біле бастады, деп бағалап отыр.

Бірақ, Президент айтып өткендей, азаматтық істерде сот шешімдерінің әрбір үшкінші актісі орындалмай жатады. Мұны съездің алдында Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми де мойындады:

- Барлық үкімдердің бірен-саран адамдары болмаса 99,9 пайызы орындалып жатады. Бұл мәселе азаматтық істерді орындау барысында бар.

Елдегі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы ең жоғары буын осы судьялар. Өз сөзінде осы жайттарға тоқталған президент сот ісінде әлі де әуре-сарсаң көп екендігін айтып өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, әділдік іздеген азаматтар төменгі инстанциядан жоғарғы инстанцияға жүгіріп, ұзақ уақыттарын жоғалтады.

Президенттің пікірінше, соттағы қадағалау инстанцияларын азайту керек. Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің айтуынша, сот шешімдері орындалмайтындығының бірнеше себептері бар:

- Біріншіден, сот шешімдері көбінесе алимент алушылар бойынша орындалмайды. Қазір көп алимент төлеушілердің тұрақты орындары жоқ. Екіншіден, көп мекемелер банкрот болды. Олар сатылды, ал, төлеушілеріне жеткен жоқ. Тағы бір мәселе сот орындаушыларының қауқарсыздығы. Жалақысы 15 мың теңгеден аспайды.

Судьялар арасындағы пара алу жайттарына тоқталған президент судьяларды өмір бойы тағайындау мәселесін қайта қарастырып ойлану керек, деді ол. Ал, 1,5 жыл түзету мекемесінде отырып шығып, өзіне жалған жала жабылып, кінәсіз екендігін дәлелдеген кәсіпкер Қуат Далабаевтің айтуынша, сот орындаушыларының жұмысы қанағаттанғысыз:

- Сот үкімдері 96 жылдан бері орындалмай жүр. Сот шығарып берді, оның кінәсы жоқ. Сот орындаушылары орындай алмай отыр.

Заңгерлерді 2 жыл еңбек өтілімінен кейін, судья етіп сайлау шешімін әлдеде қарастыру керек деді, президент. Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, сот жүйесінде әлі де болса, әуре-сарсаң көп. Азаматтар әділдік үшін ұзақ жүгіреді. Ал пара алу жайттары сотқа деген сенімді азайтады деген пікірлер айтылды. Судьялар одағының төрағасы Бекет Тұрғараевтің айтуынша, пара алушыны ғана емес, пара берушініде жазалау керек:

- Пара беруші болмаса, пара алушыда болмас еді. Пара алушыларды ғана емес, пара берушіні де жазалау керек, деп бағалаймыз.

Қазіргі уақытта судьяларды сайлау институтын енгізудің қажеттілігі жоқ деді президент. Президент айтып өткендей, көптеген сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда 25-30 жыл бойы демократиялық институттар қалыптасады. Және осы уақыт аралығында елде мықты билік сақталу керек, деді Назарбаев. Қазақстан президентінің айтуынша, пара алу мәселесінде қаражатты көбейтумен шешуге болмайды:

- Мәселе ақшада емес, оның көлемінде деген сөз барғой. Ол адамның түсінігімен парасаттылығына байланысты. Сондықтан, кетіп қалған зейнеткерлерге зейнетақыны көтеруге біз бармаймыз, ол бітті.

Әлбетте, демократияны дамыту керек. Бірақ, Қазақстанда болған Грузия мен Украина президентттері айтып өткендей, олардың ешқайсысы министрлар мен судьяларды парламент арқылы сайлауды енгізгісі келмейді. Сондай-ақ, президент жеке меншік сот орындаушылар жүйесін енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Шет елдердің тәжірибесіне сүйеніп, сот шешімдерінің орындалу сапасын арттыруға болады, деді ол. Ал, заңсыз сотталғанын дәлелдегенімен өзінің моральдіқ шығынын өтей алмай жүрген Қуат Далабаевтің айтуынша, сот орындаушылары жеке меншік болса, әкесінің құнын сұрайды:

- Соттың, заңның орындалуы жеке меншік болса онда жеке меншік дүңгіршек болады. Сот шығарып, орындаушы орындамаса онда үкім не болады, сотқа барып не қыламыз.

Сондай-ақ президент жасөспірімдер істерін бөлек қарайтын арнайы соттарды құру мәселесін қарастыру керек деді.
XS
SM
MD
LG